«Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалына 219 миллион теңге зиян келтірген қылмыстық топ әшкереленді

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша экономикалық қылмысқа  және сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес департаментінің мәлімдеуінше, «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалына 219 миллион теңгеден астам зиян келтірген қылмыстық топ әшкереленген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2006 жылдың тамызы мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында Атбасар аудандық байланыс торабының бағдарламашысы «Альянс-Банк» акционерлік қоғамының несие беруші менеджерінің аймақтық өкілдігі қызметін атқара жүріп, сыбайластарының есепшоттарына қоғамның несиелік қаржыларын аударып отырған. «Аманат» бағдарламасының көшірмесіне жалған ақпараттар енгізу арқылы іздерін жасырып келген. Сыбайластарымен бірге Көкшетау қаласында оңай олжаға кенеліп отырған. Осылайша алты адамнан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ филиалға едәуір мөлшерде материалдық шығын келтірді. Осы әдіспен 2,9 миллион теңгені жымқырып, оған трактор сатып алған. Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-сінің 150-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар