19:31, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
«Қазпошта» АҚ Басқарма құрамында өзгерістер болды
АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Құрмет Оразаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпоштаның» PR бөліміне сілтеме жасап.
«Қазпошта» АҚ Басқарма құрамына «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып Ботагөз Көпбаева сайланды.Ботагөз Көпбаева Алматы банк колледжін, Алматы экономика және статистика институтын және РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінде, ҚР Қаржы министрлігінде қызмет атқарып, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының жетекшісі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің көмекшісі,
«Қазына» ТДҚ» АҚ басқарушы директоры ? басқарма мүшесі қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қазанына дейін «Қазинвест» Қазақстандық инвестицияларды қолдау орталығының президенті қызметін атқарды.Ұлттық пошта байланысы операторы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына кіреді, халыққа және заңды тұлғаларға пошталық, қаржылық және агенттік қызметтер көрсетеді.