«Қазпошта» АҚ-ы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына арналған пошта маркасын айналымға енгізді

Ы. Қаңтардың 6-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін «Қазпошта» АҚ 2010 жылы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараға «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Дәурен Молдағалиев пен ҚР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Жанат Зәкиева қатысты.

Ж. Зәкиеваның айтуынша, бұл ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа байланысты ресми сайттың ашылуынан кейiнгі арнаулы іс болып отыр.

Төрт бояулы офсетті баспа әдісімен орындалған марканың номиналы 230 теңге, таралымы 30 мың дана, суретшісі Данияр Мұхамеджанов. Марка Бейжіңдегі пошталық төлем белгілері фабрикасында басылып шыққан. Алғашқы күннің арнайы штемпелінде ЕҚЫҰ-ның логотипі бейнеленген.

Соңғы жаңалықтар