13:36, 04 Шілде 2009 | GMT +5
                                        Қазпошта Астананың 11 жылдығына арналған мөртабан шығарды
                                                    АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат/Ербол Азанбек/ - Шілденің 6-да  барлық пошта өнімдеріне «Қазпошта» АҚ-ның Астананың 11 жылдығына арнап шығарған пошталық мөртабаны басылады,
                                        
                                        
                                     
                                              деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мөртабанда Астананың рәмізі - Бәйтерек бейнелені, қазақ тілінде «Астана қаласына 11 жыл. 06.07.2009» деген жазу жазылған. Алғашқы пошталық өнімге мөртабан шілденің 6-сы күні Астананың бас поштасында салтанатты түрде басылады.