Қазпошта Астананың 11 жылдығына арналған мөртабан шығарды

        АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат/Ербол Азанбек/ - Шілденің 6-да  барлық пошта өнімдеріне «Қазпошта» АҚ-ның Астананың 11 жылдығына арнап шығарған пошталық мөртабаны басылады,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мөртабанда Астананың рәмізі - Бәйтерек бейнелені, қазақ тілінде «Астана қаласына 11 жыл. 06.07.2009» деген жазу жазылған. Алғашқы пошталық өнімге мөртабан  шілденің 6-сы күні Астананың бас поштасында салтанатты түрде басылады.

Соңғы жаңалықтар