«Қазпошта» ЕАЭО-ға арналған марка шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясымен Еуразиялық экономикалық одаққа арналған пошта маркасының шығуы жайлы хабарлайды.
None
None

2014 жылы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге Астанада қол қойылды. Одақтың бірінші жылдығына орай «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясын Ақорданың аясында желбіреген Қазақстан Туы және ЕАЭО-тың символикасы бейнеленген марка толықтырды.

Марка төрт бояулы офсетті баспада, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі - маркалы парақ. Парақтың өлшемі 156 х 144 мм. Марканың өлшемі 52 х 36 мм. Парақта - 6 марка. Марканың номиналы - 100 теңге. Маркалардың таралымы - 5100 дана. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды. Маркаға мөр 22 мамырда №17 бөлімшедегі филателия салонында басылды.

2014 жылы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының барысында 10 000 таралымымен шыққан пошта маркаларының тақырыптары: ақын және прозаик М.Ю Лермонтовтың 200 жылдығы (атаулы құны 60 теңге); ақын Анна Ахматованың 125 жылдығы (атаулы құны 60 теңге); Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыспен қамту жол картасы» (атаулы құны 150 теңге); Қазақстан Республикасының Энергетикалық хартия конференциясының төрағалығы (атаулы құны 100 теңге) болды.

Сондай-ақ үш маркадан тұратын, Ч.Чаплиннің 125 жылдығына орай шыққан пошталық блок (маркалардың атаулы құндары 60, 100 және 200 теңге; ядролық сынақтарды тоқтату және әлемдегі ядролық арсеналдарды жоюға бағытталған «Атом» жобасына арналған екі маркадан тұратын пошталық блок (маркалардың атаулы құндары 100 теңге); батыр Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған бір маркадан тұратын пошталық блок (атаулы құны 60 теңге); Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған бір маркадан тұратын пошталық блок (атаулы құны 200 теңге) шығарылды. 6 000 дана таралымымен шыққан, атаулы құны 100 теңгеге тең Ілияс Жансүгіровтың 120 жылдығына және Сәбира Майқанованың 100 жылдығына, Құлахмет Ходжиковтың 100 жылдығына орай (атаулы құны 50 теңгеге тең пошталық марканың таралымы 8.000.000) маркалар шығару жүзеге асырылды.

2015 жылы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясында Жеңістің 70 жылдығына арналған үш маркадан тұратын пошталық блоктағы маркалар шықты, олардың атаулы құны - 200 теңге, ал жалпы таралымы -15 000 дана.

Соңғы жаңалықтар