«Қазпошта» ғимаратынан өрт шықты

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақсу қаласында «Қазпошта» мемлекеттік мекемесінің үшқабатты ғимараты өртке оранды.
None
None

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрт бірінші қабатта орналасқан күзетшілер бөлмесінен шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы мен екі техника тартылды. Осы оқиғаның салдарынан 56 жастағы күзетшіні күйік шалып, жалын ғимараттың 20 шаршы метр аумағын шарпыды.

Соңғы жаңалықтар