«Қазпошта» қызметкері ауыл тұрғынының зейнетақысынан 1 млн. теңгеден артық қаражатты қымқырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы №2 Алакөл аудандық сотында «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің Алакөл аудандық торабының Қабанбай ауылындағы пошта байланысы бөлімшесінің бұрынғы басшысы Н.Трушкинаға қатысты іс қаралды.

«Қазпошта» қызметкері ауыл тұрғынының зейнетақысынан 1 млн. теңгеден артық қаражатты қымқырған

ҚР Жоғарғы сотынан хабарлағандай, пошта байланысы бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеген кезінде Н.Трушкина Қабанбай ауылының тұрғынының жалпы сомасы 1 139 900 теңге көлеміндегі зейнетақысын заңсыз иемденіп алған.

Сот Н.Трушкинаны ҚР ҚК 189 бабының 1 бөлімінің 3 тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған мүлкін тәркілеумен 4,6 жылға жалпы режімдегі колонияда жазасын өтеу үкімін кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.