«Казправда» дизайнын өзгертті
«Жаңа макетке ауысу туралы шешім, бірінші кезекте, басылымды оқырмандар үшін ыңғайлырақ және технологиялық ету мақсатынан туындады», - дейді «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Александр Тараков. Осы мақсатта ең алдымен қаріптер үлкейтілді, беттерді графикалық рәсімдеудің заманауи элементтері енгізілді, фотосуреттер қатары кеңірек қолданылатын болады.
Басылымның мазмұны да өзгеріп отыр: жаңартылған дизайн жарияланатын мақалалардың көлемін азайтуды қарастырады. «Бірақ бұл басылымның сапасына әсер етпейді», дейді Тараков.
«Біздің басты мақсатымыз - ақпараттар ағымында Қазақстан Республикасындағы өмірдің барлық негізгі сипаттарын нақтырақ, толыққанды және тартымды етіп таныстыру. Жаңа дизайн әрбір оқырманға, уақыт жоғалтпай, газеттен өзіне қажетті жаңалықты табуына мүмкіндік береді», - деді Тараков өз сөзінде.
Бұл жаңашылдық қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының визуальдық және ақпараттық мазмұнын жақсарту жөніндегі «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі әзірлеген бағдарламаның бөлігі болып табылады. Қыркүйектің 1-інде «ҚазАқпарат» агенттігі сайтының жаңа дизайны іске қосылды.