Қазіргі сәтте қай республикалық автожолдар жабық тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Қызылорда облысы:

— Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1362 — 1806 шақырым аралығында (Арал қаласы — Қызылорда қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240 — 1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы) жабылды. Жолды 2026 жылы 10 наурыз сағат 09:00–да ашу жоспарланған.

— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 1806-2055 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Түркістан облысы шекарасына дейін);

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» км 12–216 (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысы шекарасы).

Ақтөбе облысы

— «Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» автожолының 3 — 92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы);

— «Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» автожолының 92 — 389 шақырым аралығы (Ембі қаласы — Ырғыз ауылы). 

— «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5 — 234 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы — Қостанай облысының шекарасы);

— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 965 — 1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы — Қызылорда облысының шекарасы);

— Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы — Қарабұтақ кенті) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2026 жылы 10 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

Абай облысы

— 10 наурыз сағат 00:00–де республикалық маңызы бар KAZ07 «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қаласын айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 666 — 733 шақырым аралығында (Бесқарағай ауылы — Семей қаласы);

— 10 наурыз сағат 01:30–да республикалық маңызы бар «Семей — РФ шекарасы» автожолының 2 — 113 шақырым аралығындағы учаскесінде (Семей қаласы — РФ шекарасы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолды 2026 жылы 10 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Қостанай облысы:

 — «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234 — 385 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Денисовка ауылы). Жолды 2026 жылы 10 наурыз сағат 09:00–да ашу жоспарланған.

Ұлытау облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» км 216–424 (Қызылорда облысы шекарасы — Жезқазған қаласы). Жолды 2026 жылы 10 наурыз сағат 09:00–да ашу жоспарланған. 

Түркістан облысы:

— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 2055-2095 шақырым аралығы (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін).

Бұған дейін хабарланғандай, 10 наурызда елдің бірнеше өңірінде ауа райы -33°С-қа дейін күрт суытады.