Қазір қай республикалық жолдар жабылғаны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК қазіргі уақытта ауа райына байланысты жабылған және ашылған жолдар туралы жаңартылған ақпарат таратты.

Ауа райының бұзылуына байланысты Атырау және Ақтөбе облыстарында жол жабылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ақтөбе облысы

14 желтоқсан сағат 18:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі Республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

— «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-391 шақырым аралығындағы Қандыағаш қаласынан Ырғыз жол айырығына дейін;

— «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 11-104 шақырым аралығындағы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған.

14 желтоқсан сағат 18:30–да ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы «Ақтөбе- Орал- РФ шекарасы» 610-702 км, Қобда ауылынан — Маржанбұлақ ауылына дейін, жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 00:00–де ашу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысы

14 желтоқсан сағат 17:40–да ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар KZ07-04 «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы (Ақсай с.)» 0-36 км, Подстепное ауылынан — Федоровка ауылына (Теректі) дейін, барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 00:00–де ашу жоспарланған.

Қызылорда облысы

14 желтоқсан сағат 18:30–де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылы 15 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Ұлытау облысы

14 желтоқсан сағат 19:30–да ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 433-756 шақырым аралығындағы Жезқазған қаласынан Жаңаарқа елді мекеніне дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

14 желтоқсан сағат 21:00–да ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 758-788 шақырым аралығындағы Жаңаарқа елді мекенінен Қарағанды облысының шекарасына дейін жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған. 

Қостанай облысы

14 желтоқсан сағат 21:00–да ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар «Жезқазған- Арқалық- Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығындағы Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Ақмола облысы

14 желтоқсан сағат 21:00–да ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығындағы Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

14 желтоқсан сағат 21:30-да Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы аралығында (Астана қаласы – Павлодар облысы шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қарағанды облысы

14 желтоқсан сағат 21:00–да ауа райының нашарлауына байланысты келесі Республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:

— «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығындағы Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін;

— «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 248-592 шақырым аралығындағы Атамекен елді мекенінен Балхаш қаласына дейін. 

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған. 

Павлодар облысы

14 желтоқсан сағат 21:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырымы аралығында (Ақмола облысы шекарасынан. – Шідерті а.) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

Сонымен қатар бірқатар өңірде көлік қозғалысы ашылды.

Батыс Қазақстан облысы

14 желтоқсан сағат 18:30–да келесі Республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:

— «Өнеге-Бисен-Сайхин» автожолының 1-103 шақырым аралығындағы Өнеге елді мекенінен Сайхин елді мекеніне дейін;

— «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» 0-158 шақырым аралығындағы Казатловка елді мекенінен Жәнібек елді мекеніне дейін.

Манғыстау облысы

14 желтоқсан сағат 19:00–де Республикалық маңызы бар «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» 332–632 шақырым аралығындағы Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады. 

14 желтоқсан сағат 20:30–да келесі Республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Батыс Қазақстан облысы:

— «Ақтөбе-Орал- РФ шекарасы» автожолының 195-248 шақырым аралығындағы ЖП постынан- Сырым бақылау пунктіне дейін;

— «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 189-375 шақырым аралығындағы Чапаев елді мекенінен Атырау облысының шекарасына дейін.

Атырау облысы:

— «Атырау-Орал» автожолының 14-189 шақырым аралығындағы Алмалы елді мекенінен Индер елді мекеніне дейін.

Бұдан бұрын Атырау облысында қатты жел салдарынан мектептер мен ауруханаларға зақым келгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар