Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KazSat-2 ғарыш аппаратында штаттан тыс жағдай болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақытымен 08:22-де KazSat-2 ғарыш аппаратында штаттан тыс жағдай тіркелді, деп хабарлады «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

KazSat-2 ғарыш аппаратында штаттан тыс жағдай болды

31 наурыз күні Қазақстан Республикасында KazSat-2 ғарыштық аппаратының ресурстарын пайдаланатын 13 байланыс және телехабар операторының жұмысы уақытша тоқтатылды.

«Қазіргі уақытта «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының қызметкерлері  бас мердігер - М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының өкілдерімен бірлесіп, спутниктің қалыпты жұмысын және байланыс операторлары желісінің жұмысын ретке келтіру үшін барлық қажетті шараларды жасауда. Жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», делінген хабарламада.