КаzSat -2 спутнигін 29 наурыз күні ұшыру жоспарланып отыр - Т. Мұсабаев

АСТАНА 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - КаzSat -2 спутнигін ағымдағы жылдың 29 наурызы күні ұшыру жоспарланып отыр.

КаzSat -2 спутнигін 29 наурыз күні ұшыру жоспарланып отыр - Т. Мұсабаев

Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысқан ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде баяндама жасаған ведомство басшысы Талғат Мұсабаев осылай айтты.

Агенттік төрағасы нақтылап көрсеткендей, КаzSat -2 спутнигін іске қосу кезінде оның басқару аппаратурасында бірқатар ақаулықтар анықталған. Қазіргі кезде осы кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде.

«Осыған байланысты КаzSat-2 спутнигін ұшыру мерзімі 2011 жылдың бірінші тоқсанына ауыстырылып отыр. Біз, шамамен 29 наурыз күні деп жоспарлап отырмыз»,-деді Т. Мұсабаев.