21:54, 10 Мамыр 2025 | GMT +5
Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ – «Қазселденқорғау» жер сілкінісі туралы
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
— Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — делінген хабарламада.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіп жатқаны туралы жазған едік.
Еске салсақ Алматы маңында жер сілкінген еді.