«КазСтройСервис» компаниясы ірі жобаларды жүзеге асырмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «КазСтройСервис» МГҚК» АҚ биыл Қарашығанақ-Орал газ құбырын салуды жалғастырып, сонымен қатар Чинарев кен орнындағы газ дайындау қондырғысының құрылысы жобасын жүзеге асыруға кіріседі. Бұл туралы Орал қаласында өткен баспасөз мәслихатында компанияның бас директоры Франк Карстен Тример мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясының жобасы бойынша Қарашығанақ-Орал газ құбыры құрылысы 50 пайызға орындалған. Сондай-ақ «Жайықмұнай» компаниясының тапсырысымен тағы бір жоба, сорғы стансасының құрылысын, тұрба құбыры мен Белес ауылындағы шикі мұнайды сақтайтын терминалды салу аяқталған. Қазіргі уақытта Чинарев кен орнында жұмыс істеп жатқан компания алдағы уақытта БҚО аумағынан газ өңдейтін зауыт салмақ. Жалпы, компания әлемдегі ең ұзын «Азиялық газ құбыры» құрылысын жүргізуде. Оның тек Қазақстан аумағы арқылы өтетін ұзындығы 1300 шақырымнан асады. Бұл құбыр қазақстандық мұнайды тікелей Қытайға және өзге де азиялық елдерге экспорттауға мүмкіндік береді. Компания соңғы екі жыл ішінде 6 мыңнан астам жұмысшы қабылдаса, соның 1721-і оралдық бөлімшесінің үлесіне тиеді. Мұның 1537-сі ? облыс тұрғындары.
Соңғы жаңалықтар