«Қазтелерадио» АҚ KazSat-3 спутнигі арқылы телевизиялық бағдарламаларды таратуға кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазтелерадио» АҚ KazSat-3 спутнигі арқылы «OTAU TV» спутниктік телерадио хабарын тарату бағдарламалар пакетін трансляциялауға кірісті, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметінен.

«Қазтелерадио» АҚ  KazSat-3 спутнигі арқылы телевизиялық бағдарламаларды таратуға кірісті

«2016 жылы 1 наурыздан Қазақстанның телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ KazSat-3 ғарыш аппараты арқылы «OTAU TV» спутниктік телерадио хабарын тарату бағдарламалар пакетін трансляциялауға кірісті»,- делінген хабарламада.

Астана қаласындағы Ұлттық телехабар тарату желісі дирекциясының техникалық орталығы сынақ жүргізіп, оң нәтижеге ие болғаны хабарланды.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың желтоқсаныда KazSat-3 ғарыш аппараты коммерциялық пайдалануға берілді.