«ҚазТрансГаз Аймақ» ұжымы біркүндік жалақыларын екі жасар қыз баланың ем-домына аударды

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының ұжымы Балаларды халықаралық қорғау күнін өздерінше атап өту туралы шешім қабылдады. Компанияның орталық аппаратының қызметкерлері біркүндік жалақыларын екі жасар Айзия Сейітжанованың емделу-оңалу курсын қаржыландыру туралы бірауыздан шешім қабылдап,
None
None

біркүндік жалақыларын қыз баланың атына ашылған арнайы шотқа аударды.

Кішкентай Айзия вирустық менингоэнцефалитпен ауырады. Ол Алматыда, Санкт-Петерборда, Термезде бірнеше рет емделді. Бір ай комада жатты. Қазір ол Украинаның Трускавец қаласында орналасқан Халықаралық оңалту-емдеу клиникасында интенсивті нейрофизиологиялық сауықтыру жүйесі бойынша терапиялық курстан өтуге өте мұқтаж.

Соңғы жаңалықтар