ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін өткен жылы 3 пайызға арттырды
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 514 мың тоннаға немесе 3 пайызға артты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«ҚазТрансОйл» АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы 12 айда 34 млрд. 493 млн. тонна-шақырым болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 270 млн. тонна-шақырымға немесе 1 пайызға артты.
2011 жылғы 12 айдың қорытындылары бойынша «Өзен - Атырау - Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау - Самара» учаскесімен мұнай айдау көлемі артып, 15 млн. 427 мың тонна болды. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 127 мың тоннаға немесе 1 пайызға көбейді.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры бөлігімен Ресей мұнайының транзиті 2011 жылғы есепті кезеңнің қорытындылыры бойынша 5 млн. 432 мың тоннаны құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 13 млн. 190 мың тоннаны құрады.