Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ҚазТрансОйл»-дың акцияларын халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатып алуға 56 млрд. теңгеден астам сомаға өтініш түсті

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл»-дың акцияларын халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатып алуға 56 млрд. теңгеден астам сомаға өтініш түсті. Бұл туралы бүгін Үкіметте  «Самұрық Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«ҚазТрансОйл»-дың акцияларын халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатып алуға 56 млрд. теңгеден астам сомаға өтініш түсті

Оның айтуынша, тұңғыш рет өткізіліп отырған халықтық IPO бағдарламасы өте сәтті өтті. «Алғашқы болжам бойынша «ҚазТрансОйл»-дың 28 млрд. теңге көлеміндегі акциялары сатылымға шығарылады деп есептелген. Алайда, бүгінде 56 млрд. теңгенің өтініші түсіп отыр. Яғни, сұраныс ұсыныстан екі есе артып түсті деп айтуға болады»,-деді Ө. Шөкеев.

Оның мәліметінше, зейнетақы қорлары 37,3 млрд. теңгенің, ал жеке тұлғалар 18,6 млрд. теңгенің акцияларына өтініш берген.