ҚазТрансОйл шоғырландырылған таза пайда мөлшерінің 86%-н дивидендтерді төлеуге жұмсайды

Оның айтуынша, акционерлердің қарауына бірқатар мәселелер, атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдағы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдағы таза кірісін үлестіру тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді қабылдау, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидендтің 2012 жылдағы мөлшерін бекіту және т.б. мәселелер шығарылды.
«Акционерлер жалпы жиналысының шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдағы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді. Оған сәйкес компанияның негізгі қызметінен алынған шоғырландырылған кіріс 2011 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артып, 143 млрд 061 млн теңгені құрады, ал шоғырландырылған таза пайда 33,5 млрд теңгені құрап, 2011 жылдағы нәтижеге қарағанда 29,1%-ға артты», - деді Қ. Қабылдин.
Сондай-ақ, басқарма төрағасының айтуынша, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 75 теңгені және орналастырылған акция бағасының 10,3%-н құрайды. Дивидендтердің 2012 жылдағы жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені құрады немесе компанияның 2012 жылдағы шоғырландырылған таза пайда мөлшерінің 86%-н құрады.
2012 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 13 маусымында 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша белгіленетін болады, ал дивидендтерді төлеу 2013 жылдың 4 шілдесінен басталады.