«Казцинкте» қаза болған 2 жұмысшының отбасына 10 жылдық жалақысына тең өтемақы төленеді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы «Казцинк» кәсіпорны жарылыс салдарынан көз жұмған қызметкерлерінің отбасыларына қандай қолдау көрсетілетінін жария етті.

өтемақы
Фото: Kazinform

Компания мәліметіне сүйенсек, қаза болған екі қызметкерінің отбасына олардың он жылдық жалақысы көлемінде өтемақы төленеді.

- Олжас Рамазанов пен Ержан Қамалиевті жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды кәсіпорын толықтай өз мойнына алады, - делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар «Казцинк» марқұмдардың отбасыларына ұзақ мерзімді қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

- Кәсіпорын қаза болған қызметкерлерінің балаларының жоғары оқу орындарында білім алу ақысын төлеп береді. Ем қабылдап жатқан жұмысшыларға да арнайы көмек қарастырылған.

Олар қажетті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Емделіп шыққанға дейін олардың жалақысы толық көлемде сақталады, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, осыған дейін «Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылыстан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шеккені хабарланған