ҚазҰУ-де биологтар күні аталып өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат. Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биологтар күні мерекесі атап өтілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған шараны биология факультетінің түлектері қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Шараға белгілі биолог-ғалымдар, факультеттің білім, кәсіпкерлік, экология сынды салаларында қызмет етіп жүрген түлектері, студенттер қатысты. Биология факультетінің түлектері қауымдастығы өкілдері бұл шараны ҚазҰУ-дың 75 жылдығына да арналғанын айтады. Шара барысында биология факультеті түлектерінің университет имиджін дамыту мақсатында бас қосуы, университеттің 75 жылдық мерейтойына атсалысу сынды мәселелер сөз болды. Сондай-ақ биологтар күніне арналған концерттік көріністер қойылды.
Соңғы жаңалықтар