Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚазҰУ-де Республикалық студенттік олимпиада өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-ы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «маркетинг» мамандығы бойынша тұңғыш рет өткізілген республикалық студенттік олимпиада мәреге жетті,

ҚазҰУ-де Республикалық студенттік олимпиада өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жоғары оқу орындары арасында ең үздік топты анықтау мақсатында өткізілген олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңге еліміздің әр аймағынан 11 команда қатысты. Отандық тауар брендін көтеру мақсатында өткізілген 2-ші кезеңде, яғни ақтық сайыста әр топ өз өнімін ұсынып, оны дамыту жолдарын көрсетті. Шара қорытындысы бойынша Гран-приді М.Өтемісұлы атындағы университеттің «Эгида» тобы, 1-інші орынды ҚазҰУ-дың «Айналайын», Өскеменнің «Фортуна» топтары, ал 3-ші орынды Е.Бөкетов атындағы университетің тобы жеңіп алды.