Қазығұрт ауданында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілді - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында Наурыз мейрамы ауқымды түрде атап өтілді.
None
None

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, халық мерекені аудан орталығының бас алаңында мерекеледі. Мұнда 9 киіз үй мен қазақтың ұлттық әткеншегі - алтыбақан орнатылды.

«Наурыз ұлттар мен халықты біріктіріп, күн мен түнді теңестіреді. Жаңару мерекесі бізге қуаныш сыйлайды. Өткенді саралай келе, қазығұрттықтарды жарқын болашақ күтіп отырғанын атап өткім келеді. Біз қажырлы, қалыптасқан мемлекетте тұратын боламыз, барлығымыз еңбегіміз арқылы елдің гүлденуіне үлес қосуымыз керек», - деді құттықтау сөзінде Қазығұрт әкімі Болатбек Қыстауов.

Көрініс тарих құпияларын ашқан театрландырылған қойылымнан басталды, одан кейін ортаға өнер көрсету үшін ауданның шығармашылық ұжымдары шықты. Мереке қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, халық ойындарына атсалысты. Наурыз мерекесі қарсаңында әкімдік Қазығұрт ауданының аз қамтылған 500 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар