Kcell микроқоңырау функциясын 30 маусымнан бастап өшіреді

АСТАНА. KAZINFORM —  2026 жылғы 30 маусымнан бастап Kcell және activ абоненттері үшін «микроқоңырау» функциясы өшіріледі.

Kcell «Микроқоңырау» функциясын 2026 жылғы 30 маусымнан бастап өшіреді
Фото: Kcell

Бұл сервис дәстүрлі мобильді байланыс негізгі коммуникация құралы болған кезеңде іске қосылып, қоңырау жүзеге аспаған жағдайда да байланысу әрекеті туралы хабарлауға мүмкіндік беретін.

Алайда соңғы жылдары қарым-қатынас дағдылары айтарлықтай өзгерді. Бүгінде абоненттердің басым бөлігі мессенджерлерді, дауыстық хабарламаларды және басқа да цифрлық байланыс арналарын пайдаланады. Соның нәтижесінде мұндай қызметтерге деген қажеттілік едәуір төмендеді.

Осыған байланысты компания «микроқоңырау» функциясын қолдауды тоқтату туралы шешім қабылдады.

— 2026 жылғы 30 маусымға дейін сервис қалыпты режимде жұмысын жалғастырады, ал осы күннен бастап Kcell және activ абоненттерінің барлығы үшін толық өшіріледі.

Біз пайдаланушылардың заманауи қажеттіліктеріне сай келетін цифрлық сервистер мен шешімдерді дамытуды жалғастырамыз және байланысуды одан әрі ыңғайлы етуге ұмтыламыз, — делінген хабарламада.