Кеден одағы аясында Қазақстанның автокөлік саласы еш ұтылмайды - Мәжіліс депутаты А. Момышев

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кеден одағы аясында Қазақстанның автокөлік саласы еш ұтылмайды. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстанның Кәсіподақтар Федерациясының кезекті ХХІІ съезіне қатысушылар делегациясымен кездесу барысында кәсіподақ өкілдерінің сауалына жауап берген Мәжіліс депутаты Амангелді Момышев осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесу барысында «ҚР Авиация қызметкерлері кәсіподақ федерациясы» одағының төрағасы Шмидт Сабыров Кеден одағына байланысты авто және авиация саласындағы мәселені көтерген болатын. «Ресей өзінің авиа және авто өнеркәсібін қорғай отырып, бұл техникаларды әкелу үшін қолайлы кедендік баждарды сақтап қалды. Ал Қазақстанда авиа-авто өнеркәсіп дамымаған. Сондықтан да, біздің үлесімізге үлкен салықтар тиюі мүмкін. Бұл мәселенің күрмеуі болашақта қалай болар екен?» деді Ш. Сабыров.

Өз кезегінде кәсіподақ өкілінің сауалына жауап берген депутат Валерий Доскалов бүгінгі күні Кеден одағы мәселесіне қатысты барлық мәселелер реттелгенін, ал 2011 жылға қарай авиаөнеркәсіп саласында барлық бөлшектер елімізге нөлдік ставкамен жеткізілетінін айтты.

«Ал автокөлік өнеркәсібінде кедендік баждар 2011 жылға қарай үш есеге дейін төмендейді», деді В. Доскалов.

Сонымен бірге, депутат Амангелді Момышев Кеден одағына қатысты Қазақстанның автокөлік саласында еш ұтылыс орын алмайтынын алға тартады.

«Біздің білуімізше, кедендік рәсімдеудің барлығы Қазақстанда жүргізіледі. Оның үстіне елімізге Қытайдан, басқа да алыс-жақын шетелден келетін бөлшектерге нөлдік, не болмаса нөлге жақын ставкалар болуы қарастырылады. Сондықтан Қазақстанның автокөлік саласында еш ұтылыс болмайды», деді А. Момышев.

Соңғы жаңалықтар