Кеден одағы кедендік әкімшіліктері кадрлық қызметтерінің өкілдері оқу үдерісіндегі жаңа білім технологияларын талқылады
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының аясындағы оқу үдерісінің жаңа оқу технологиялары,
әдістемелік жұмыстардың оң тәжірибелерін зерттеу және жинақтау мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кездесу өткізді.
Басқосуға ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Комитеттің Астана қаласындағы Оқу әдістемелік орталығының, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қаржы полициясы академиясының, Беларус Республикасының Кедендік органдар үшін кадрлар қайта дайындау және олардың біліктілігін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік институтының, Ресейдің Федералдық кеден қызметінің Урал кедендік басқармасының, Түмен кеденінің, РФ Кеден қызметінің Қазақстан Республикасының Кеден қызметінің жанындағы өкілдігінің өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге қатысушылар кеден жұмысына ілгерілеушілік жүйесін енгізу, кедендік процедураларды оңтайландыру, кеден қызметкерлерінің кәсіби дайындықтарын жетілдіру мәселелерін де талқылады.