Кеден одағына мүше елдердің монополияға қарсы заңдары ұқсас - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Монополияға қарсы заңнаманы бұзу жәйттарының басым бөлігі 2012 жылы базарлар мен отын-энергетикалық кешенде тіркелді.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Бәсекелестік туралы» бірыңғай экономикалық кеңістіктегі модельдік заң жобасы» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

«Кеден одағына мүше елдердің монополияға қарсы заңдары ұқсас. Ерекшелік тең монополияға қарсы органның жүйесі, қызметі мен өкілеттігінде. Қазақстанда зерттеу институты жұмыс жасайды. Ал Ресей мен Белорусте тексеру жүргізіледі. Былтыр зерттеу институты 117 зерттеу жүргізді. Онда заң бұзушылықтың басым бөлігі базарларда (33 пайыз), отын-энергетикалық кешенде (24 пайыз) анықталды», - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов. Оның айтуынша, 24 наурыз күні заңнамада Кеден одағы елдерінің монополияға қарсы заңнамаларын үйлестіруге бағытталған жаңа өзгерістер өз күшіне енді. Ол бизнес үшін рұқсат беру құжаттарын қысқартып, жүктемені азайтуға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар