Кеден одағының ішкі шекараларында жүк тасымалданған кездегі кедергілерді аз уақыт ішінде жою керек

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат / Нарымбек Самғұлов/ - Кеден одағы Комиссиясының 12-ші отырысының қорытындылары бойынша қатысушылар Кеден одағының ішкі шекараларында жүк және сауда тасымалданған кезде кездесетін кедергілерді аз уақыт ішінде жою керектігін атап өтті.
None
None

РФ бірінші вици-премьері Игорь Шувалов хабарлағандай, Беларус, Ресей және Қазақстанның ортақ шекараларында қалыптасып отырған жағдай үшжақты кеңестің күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып қалмақ.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев айтып өткендей, үш ел арасындағы кеден үдерістері соңғы уақытта біршама жеңілденген, алайда бірқатар мәселелердің шешімі әлі табылған жоқ. «Осыған байланысты кедергілерді алып тастау үшін біздің шекара қызметіміздің, Кедендік комитеттің, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысатын бейнемәжіліс ұйымдастырамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар