Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы келісіміне өзгеріс енгізілді

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады.
None
None

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, аталған хаттаманың 1-бабына сәйкес уәкілетті органдар қажет болған кезде және өзара уағдаластық бойынша Кеден одағының кедендік аумағына жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринарлық талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың әкелуінен қорғауды қолға алуы тиіс. Осыған байланысты, бір тарап мемлекетінің аумағынан екінші тарап мемлекетінің аумағына өткізілетін бақылаудағы тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдарға бірлескен тексерістер жүзеге асатын болады.

Хаттамаға 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында қол қойылған болатын.

Соңғы жаңалықтар