Кедендік бақылау департаменті жылдық жоспарды 141,6 пайызға орындады

АҚТАУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Үкімет қаулысымен 2008 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап бірқатар мұнай экспортымен айналысатын компанияларға экспорттық баж салығы салынды.
None
None
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті 2008 жылдың қорытындысы негізінде, Кедендік бақылау комитеті бекіткен жоспарды 141,6 пайызға орындап, мемлекеттік бюджетке 79 млрд. 586,5 млн. тенге кедендік төлемдер мен салықтар түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Былтыр бізде кәсіпкерлерден кедендік рәсімдеуге талап етілетін құжаттардың санын азайту және рәсімдеуге кететін уақытты қысқарту жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, кеден ісі саласында, жаңа жылдан бастап бірқатар өзгерістер енгізілуде. Оның ішіндегі ең маңыздысы, ағымдағы жылы қаңтардың 1-інен бастап шекара бақылаушы органдардың саны бестен екіге қысқартылып, тек шекарашылар мен кеден қызметкерлері қалады. Фитосанитариялық, ветеринарлық және көліктік бақылау қызметін кеден органдары атқаратын болады. Бұл жағдай жүктердің шекара арқылы өтуін барынша тездетуге ықпал етеді. Кеден шекарасынан өтетін жүктер мен жеке тұлғалар туралы мәлімет бір мемлекеттік органда болады. Бақылаудың басқа түрлері жүктің келіп түсу орны бойынша жүргізіледі», дейді Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бөлім бастығы Мақсат Ақмұратов. Сондай-ақ шекарада мекемеаралық жүк мониторингі жүйесін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде барлық қызығушылық білдірген мекемелердің жеке және ұжымдық сараптамалық жұмыстары үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындары жүйесі ретінде Жедел басқару орталығы құрылды.
Соңғы жаңалықтар