Кедендік бақылау комитеті 2009 жылы бюджетке 575,3 миллиард теңге өндіріп, жоспарды 105,5 пайызға орындады

Алдын ала болжамданған жоспарға сәйкес, бұл сома 545,3 миллиардқа жоспарланғандығын ескерсек, жоспар 5,5 пайызға артығымен орындалды», деп атап көрсетті бүгін Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің кедендік кірістер басқармасының бастығы Елена Канашкина. Бұл туралы ол бүгін комитеттің 2009 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айының 1-інен бастап бірыңғай кедендік тарифтер күшіне енді. Соған қарамастан кеден органдарының басты стратегиялық бағыттарының бірі мемлекет бюджетін толықтыру болып қала береді. «Биыл біз бюджетке жоспар бойынша 586 миллиард теңгеге кіріс кіргізуіміз қажет. Сонымен қатар биыл бізге өзге де бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет болып тұр.Олардың басым көпшілігі Кедендік Одақпен байланысты. Олардың бірі аталмыш одақтың кедендік кодексіне қатысты. Бұл құжат биылғы жылдың жаз мезгілінде күшіне енеді деп күтілуде», деді басқарма бастығы.