Кедендік бақылау комитеті биылғы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің бюджетіне 262 миллиард 781 миллион теңгенің түсуін қамтамасыз етті

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында 262 миллиард 781 миллион теңгенің ел бюджетіне түсуін қамтамасыз етті. Сөйтіп алдын ала жоспарды 126,2 пайызға орындады.

Кедендік бақылау комитеті биылғы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің бюджетіне 262 миллиард 781 миллион теңгенің түсуін қамтамасыз етті

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте аталмыш комитет төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейісбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, бюджетке түскен қаржы көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда, 138 миллиард 106 миллион теңгеге көп болды. «Бірінші тоқсанда еліміздің әрбір кеденшісі бюджетке 183 миллион 3 мың теңгені түсіне ықпал етті. Ал бюджетке түскен кедендік төлемдердің құны 37,5 пайызды құрады. Сондай-ақ кедендік тексерулердің нәтижесінде тағы 6 миллион теңгеден астам қосымша қаржы түсті»,-деді комитет төрағасының орынбасары.