Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кедендік қадағалау департаменті бюджетке 2,23 миллиард теңге құйылуын қамтамасыз етті - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық кедендік қадағалау департаменті ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бюджетке 2,23 миллиард теңге құйылуын қамтамасыз етті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артық,

Кедендік қадағалау департаменті бюджетке 2,23 миллиард теңге құйылуын қамтамасыз етті - Ақмола облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында өңірдің сыртқы экономикалық тауар айналымы 291,5 миллион АҚШ долллар көлемінде тіркелсе, оның 107 миллионы - сырттан әкелінген тауарлар мен озық технологиялық қызметтер, ал 183 миллионы өңірден алыс және жақын шет елдерге жөнелтілген өнімдер болып табылады. Жыл ішінде департамент кедендік заңсыздыққа жол берілуіне орай бес қылмыстық, 49 әкімшілік іс қозғап, 367 мың теңгеден астам айыппұл салған. Сонымен бірге тәртіп сақшылары есірткі тасымалымен байланысты 12 оқиғаны анықтап, заңсыз айналымнан 25 келі 421 грам есірткі заттарын тәркіледі.