Кедендік одаққа қатысты мәселелерді талқылау үшін Еуроодақ делегациясы Қазақстанға келеді

қпанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков Қазақстандағы Еуропалық одақ Өкілдігінің басшысы Норбер Жустенмен кездесті,

Кедендік одаққа қатысты мәселелерді талқылау үшін Еуроодақ делегациясы Қазақстанға келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгіме барысында, Ә. Жолшыбеков Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі Еуропалық одақ мемлекеттерімен тең құқылы әріптестік қатынастарды барынша дамыта түсу болып қала беретінін атап өтті. «Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды құндылықтар болып саналатын - адам құқы, демократия, заңдардың билік етуі секілді мәселелерге үлкен назар аударады», деп атап өтті Комитет төрағасы.

Өз кезегінде Өкілдік басшысы Еуроодақтың алдағы уақытта да Қазақстанмен екіжақты байланыстарды дамытуға баса маңыз беретінін айтты. «Еуроодақ өкілдігі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі барысында осы елде жоспарланған барлық іс-шаралар бойынша жан-жақты қолдау білдіруге әзір. Сонымен бірге, жақын аралықта Қазақстанға Еуроодақ делегациясы іссапармен келеді. Бұл делегация Қазақстан, Ресей, Беларус арасында құрылып жатқан Кедендік одаққа байланысты мәселелерді және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қатысты жағдайларды талқыламақ ниетте», деді Н. Жустен. Сонымен бірге, ол әңгіме арасында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселесі ұзаққа созылмайды деп үміттенетінін жеткізді.