Кедендік одақта Қазақстан бірінші болып мемлекеттік сатып алулардың толыққанды «электрондық жүйесін» енгізді

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Кедендік одақ бойынша Қазақстан бірінші болып мемлекеттік сатып алулардың «электронды жүйесін» толығымен іске қосты.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Электрондық коммерциялар орталығы» ЖШС Мемлекеттік сатып алулар әдістемесі департаментінің директоры Қуат Сұлтан мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде Ресейде мемлекеттік сатып алулардың тек «электронды аукционы» ғана жұмыс істейді. «Бізде болса, бұған дейін конкурс пен бағалар ұсынысына арналған жүйе енгізілді. Енді, оған «электронды аукцион» да қосылып отыр. Осылайша, біз мемлекеттік сатып алулардың «электронды жүйесін» толығымен іске қостық», - дейді Қ.Сұлтан. Ал Беларусь «электронды аукционды» енгізуге дайындалып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда «электронды аукцион»www.goszakup.gov.kz веб-порталында жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар