18:45, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Кеденшілер бюджетке 16 млрд.686 миллион теңге ақша түсірді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті 2008 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 16 млрд. 686 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2007 жылмен салыстырғанда, 6 млрд. 997 млн. теңгеге көп. Бұл сыртқы сауда айналымының, соның ішінде импортталатын тауарлар көлемінің өскенін көрсетеді. Импорт көлемінің өсуі "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС-нің "Кеңқия-Құмкөл" мұнай құбыры құрылысын жүргізуімен, ал экспорттың өсуі сыртқа шығарылатын мұнайдың көбеюімен байланысты.