Кеденшілер күдікті автокөліктерді ұстады

АҚТАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Қаңтардың 17-сі күні сағат 11:00-лерде Бейнеу ауданындағы «Тәжен» кеден бекетінің қызметкерлері экономикалық контрабандаларды анықтауға бағытталған шұғыл рейдтік шаралары кезінде Қазақстан Республикасының азаматы жүргізген ресейлік нөмірлі екі «Тайота-Камри» автокөлігін ұстады.
None
None
Бұл туралы ақпаратты бүгін облыстық кеден департаментінің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Автокөліктердің құжаттарына жүргізілген алғашқы тексерулер олардың Қазақстанға енген пунктіне, нөмірлеріне қатысты кеденшілердің күдігін туғызады. Ал сенімхатты тексерген кезде оның қолдан жасалғандығы көрер көзге ұрып тұрған. Қазір көлік құралдары ұсталып, Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің контрабандымен күрес жөніндегі басқармасында қосымша тергеу шаралары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар