16:12, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Кеденшілер жалған құжатты «Нива Шевроле» көлігін ұстады
АҚТАУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақпанның 1-і күні Бейнеу ауданында шекарада орналасқан «Тәжен» кеден бекетінің қызметкерлері өткізген жедел алдын алу шаралары кезінде күдікті делінген «Нива Шевроле» автокөлігі ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап.Автокөліктің жүргізушісі Ю. есімді Ресейдегі Самара облысының тұрғыны болған. Алдын-ала болжам бойынша, ол көлігін шекарадан кедендік бақылау аймағының сыртымен өткізген және қайтадан алып кету туралы міндеттемені қолдан жасаған. Бүгінде автокөлік пен оның иесі тұтқынға алынды. Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес жөніндегі басқармасы қосымша тергеу жұмыстарын жүргізуде.