Кеденшілердің кәсіптік жарамдылығы тексерілуде

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аттестаттау жеке құрамның, қатардағы қызметкерден бастап жоғарғы басшылардың кәсіптік жарамдылық деңгейін анықтауға бағытталған.
Бүгінгі кезектен тыс аттестацияның мақсаты - қызметкерлердің жүктелген міндетті орындау қабілеттілігі және қызметінің нәтижесін, сондай-ақ теориялық білім деңгейін, практикалық дағдысын тексеру.
Оның ішінде Қазақстан заңдарынан біліктілігіне компьютермен тест өткізуге және де логикалық ойлау; дене және қару дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, сондай-ақ психологиялық орнықтылығын тексеру. Дене дайындығы нормативі бойынша аттестаттаудан өткізу қызметкердің жасын ескере әзірленген.
Кезектен тыс мінездеме жеке құрамның кәсіби жарамдылық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа кәсіби дайындық атқаратын лауазымына тиісті бағалау кезінде, теориялық дайындығына, психологиялық орнықтылығына және логикалық ойлау қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Құқық қорғау қызметіне қатысты КБД-ның 48 қызметкері аттестаттауға дайындық үстінде, бұлар: Контрабандаға қарсы күрес басқармасы, ішкі қауіпсіздік және жедел-кезекші бөлімдері.
Аттестаттауға босанар алдындағы және босанған демалыстағы әйел-қызметкерлер жатпайды. Олар аттестаттаудан декретті демалыстан шыққаннан кейін бір жылға дейінгі алты ай ішінде өтеді.
Бес мүшеден құралған аттестаттау комиссиясы құрылған, бұл ретте аттестаттау комиссиясы мүшелері болмаған жағдайда, орнын ауыстыру мүмкін емес.
Тексерістің қорытындысы бойынша Комиссия төрт шешімнің біреуін қабылдайды: қызметкер отырған лауазымына сәйкес келеді, қызметкер отырған лауазымына сәйкес келмейді және лауазымынан төмендетіледі, қызметкер отырған лауазымына сәйкес келмейді және лауазымынан төмендетіліп, басқа қызметке ауыстырылады, қызметкер отырған лауазымына сәйкес келмейді және босатылады.