«KЕGOC» АҚ 400 млрд. теңгеден астам қаржыны өзін дамытуға жұмсамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KЕGOC» АҚ 400 млрд. теңгеден астам қаржыны өзінің дамуы мен жобаларға бағыттайды. Бұл туралы бүгін «KEGOC» компаниясының ІРО-ға шығуына байланысты өткен шарада осы компанияның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.

«KЕGOC» АҚ 400 млрд. теңгеден астам қаржыны өзін дамытуға жұмсамақ

«Компанияны дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы 15 басымдықты жобаны жүзеге асыруды қарастырады. 2025 жылға дейін жобаларға және дамуға бағытталатын капитал салымының жалпы сомасы 429 млрд. теңгеге жетеді. Атап айтқанда, алдыңғы қатарлы әлемдік қаржылық институттардың қатысуымен 1 млрд. долларға жуық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибе бізде бар», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде компания ұлттық желіні жаңғырту аясындағы жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Айта кетейік, компанияның балансында 24,5 мың шақырымдық энергия тасымалдау желісі мен 77 қосалқы электр стансалары бар.