"KEGOC" АҚ Алматы энергия торабында электрмен жабдықтау кестесін өзгертуді жоспарлап отыр
деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылғы қыркүйектің 30-ына дейінгі кезеңде жергілікті энергия тарату компанияларына (АЖК» АҚ, «АлматыЭнергияЖабдықтау» АҚ, «Алматы электр стансылары» АҚ) өндіріс пен электр энергиясын тұтыну теңгерімін мүлтіксіз сақтау тапсырылды.
«Алматы» кіші стансысын жаңарту Алматы облысы әкімдігімен келісіліп, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бақылауымен жүргізіледі. Стансыны жаңарту тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыратын болады.
«Ұлттық электр желілерін жаңартудың бірінші кезеңі» жобасы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында тұрған серпінді жобаларға енгізілген. Жобаның құны 43,8 млрд.теңге, ол компанияның және халықаралық қаржылық институттар қаражаттарының есебінен қаржыландырылады.