«KEGOC» АҚ өткен жылы 22 млрд. теңге қаржы салымын игерді ? Компания басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/ - «KEGOC» АҚ өткен жылы 22 млрд. теңге қаржы салымын игерді.
None
None
Бүгін 2008 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында «KEGOC» АҚ президенті Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылғы қаражатты игеру көрсеткіші 2007 жылмен салыстырғанда 170 пайызға артты. Осының нәтижесінде өткен жылы ірі инвестициялық жобалардың құрылысы басталып, бірқатар нысандар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 2008 жылы инвестициялық жобаларға салынған қаржылар 19 млрд. 555 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ұлттық электр торабын жаңғырту жобасының бірінші кезеңінде 4 млрд. 600 млн. теңге, жобаның екінші сатысы бойынша 200 млн. теңге және «Солтүстік-Оңтүстік» желісі жобасы бойынша 14 млрд. 700 млн. теңге игерілді», деді Қ. Бозымбаев. Оның айтуынша, өткен 2008 жылы компанияның шығыс сомасы 26 млрд. 672 млн. теңге шамасында болып, 2007 жылға қарағанда 2,9 пайызға артқан. Ал табыс көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға өскен.
Соңғы жаңалықтар