«KEGOC» табысының 40 пайызын дивидендтерді төлеуге бағыттамақ - Халықтық ІРО

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» табысының 40 пайызын дивидендтерді төлеуге бағыттамақ. Бұл туралы бүгін «KEGOC» компаниясының ІРО-ға шығуына байланысты өткен шарада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«KEGOC» табысының 40 пайызын дивидендтерді төлеуге бағыттамақ - Халықтық ІРО

«Менің ойымша, компания акцияларының өсетіндігінде ешқандай күмән жоқ. Қазіргі кезде компания табыстың 40 пайыздан артығы дивидендтерді төлеуге жұмсалады деген шешім шығарды», - деді ол.

Осы орайда Ө.Шөкеев қазақстандықтарды бұл компанияның акцияларын сатып алуға шақырды.

Өнеркәсіп пен индустрияның дамуы энергетика өсімінсіз жүзеге аспайтындығына тоқталған ол «елімізде өндірістер мен энергия тұтыну көлемі арта түседі. Осыған сәйкес, оны тасымалдау деңгейі де жоғарылайды. Сондықтан магистральдық желілерге иелік етіп отырған KEGOC секілді компанияның болашағы ешқандай күмән келтірмейді»,- деді.