Келер жылы 345 запастағы офицер әскери қызметке шақырылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ашық» НҚА порталында «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, әскери қызметке жарамды, бірақ оны өткермеген запастағы офицерлер келер жылы 4 айға әскери қызметке шақырылмақ.

«Жобаның негізгі мақсаты - 2023 жылы ҚР Қарулы Күштерін, Ұлттық қауіпсіздік комитетін Шекара қызметін, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұланды запастағы офицерлермен жасақтау үшін азаматтарды әскери қызметке шақыру», - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, запастағы офицерлер мына әскери құрылымдарға шақырылады:

ҚР Қарулы Күштеріне – 260 офицер;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 60 офицер;

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 офицер;

ҚР Ұлттық ұлан қатарына – 9 офицер.

Осылайша, әскери қызметке жалпы саны 345 запастағы офицер 4 ай мерзімге шақырылады. Бұл бағыттағы шығындар республикалық бюджетте Қарулы күштерге бөлінген қаражат есебінен өтеледі.

Қаулы 27 желтоқсанға дейін ашық талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар