Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Келер жылы бюджет түсімі 5,7 трлн, ал шығысы 6,7 трлн. теңге шамасында болжанып отыр

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Келер жылы бюджет түсімі 5,7 трлн, ал шығысы 6,7 трлн. теңге шамасында болжанып отыр

Алдағы үш жылдық бюджетті қамтитын «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы негізінен Қазақстан Республикасының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы, Ұлттық қоры қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы негізінде және Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.

«2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері
5 трлн. 773 млрд. теңге немесе ағымдағы жылмен салыстырғанда
10,4 пайызға өсе отырып қарастырылған. Оның ішінде кірістер (трансферттердің түсімдерін есепке алмағанда) 4 трлн. 16,4 млрд. теңге сомасында болжанады, ол 2013 жылдың деңгейінен
427,1 млрд. теңгеге жоғары. 2015 және 2016 жылдарында сәйкесінше кірістер түсімдері алдыңғы жылдар деңгейіне қарағанда 555,7 және 636,8 млрд. теңгеге өсуі жоспарланады», - дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, 2014 жылға республикалық бюджеттің шығыстары ағымдағы жыл деңгейінен 10,1 % өсе отырып, 6 трлн. 715,4 млрд. теңге көлемінде жоспарланады. Сонымен қатар, бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары 2020 жылға дейінгі әлеуметтік - экономикалық бағыттарынан және Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсаты ойынша анықталған. Бюджет жобасында Индустрияландыру картасы, Бизнестің жол картасы, Жұмыспен қамту жол картасы, Моноқалаларды және өңірлерді дамыту бағдарламалары, Қол жетімді тұрғын-үй бағдарламасы және Агробизнес-2020 бағдарламасы жүзеге асырылуын жалғастыру көзделеді.