20:05, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Келер жылы «Халықтық ІРО» бағдарламасына 4 ұлттық компанияның акциялары шығарылады - Ө. Шөкеев
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Келесі жылы «Халықтық ІРО» бағдарламасына 4 ұлттық компанияның акциялары шығарылады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен жиналыста «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Бағдарлама жалғаса береді. 2013 жылы біз ІРО-ға «KEGOC» АҚ, «Қазтеңізтрансфлот» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ компанияларының акцияларын шығаратын боламыз. Бүгінде консультанттармен тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Қосымша ақпараттар әлі жарияланатын болады», - деді Ө. Шөкеев.
«Қазпошта» АҚ басшысы Аркен Арыстановтың айтуынша, келесі жылдың ақпан айынан бастап-ақ акцияларды Қазпоштаға келмей, ғаламтор арқылы сатып алуға болады.