Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрлігі келесі жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде енгізілетін жаңашылдықты атады.
- Биыл ешқандай өзгеріс болмайды. Бәрі бұған дейін жарияланған кесте бойынша өтеді. Екі сынақ тестілеу өткізілді. Енді бірінші негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады, - деді министр Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, келесі жылдан бастап балама ретінде ілкі режимде жаңа AIT (Admission Insight Test) тестілеуі қосылады. Оны ETS технологиясы саласында әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі әзірлейді.
- ETS делегациясы біздіңфилиалдармен алғашқы кездесу өткізу үшін кеше Астанаға келді. Сынама тестілеу келесі жылы да сақталады. Негізінен оны жойып, тек бір ғана ҰБТ қалады деген алаңдаушылық болған еді. сол себепті сынама форматы да сақталады, бұл маңызды. Себебі мұндай тестілеу әлсіз жағыңды анықтауға мүмкіндік беретін диагностика құралы ретінде өзін жақсы қырынан көрсетті. Осылайша, келесі жылы жаңа тест түріндегі балама пайда болады. Демек, негізгі ҰБТ-ны жылына бір рет қана тапсыруға болады. Бірақ сынама тестіден өту мүмкіндігіне қалдырамыз, - деді Саясат Нұрбек.
Бұған дейін Үкімет педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін өзгертіп, ҰБТ жүйесін жаңғыртуды және талапкерлерді іріктеудің жаңа тәсілдерін енгізуді жоспарлап отырғанын жазған едік.