Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Келесі жылы Павлодарда республикалық және жергілікті БАҚ үшін медиа-үй құрылады

ПАВЛОДАР. 25  желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

Келесі жылы Павлодарда республикалық және жергілікті БАҚ үшін медиа-үй құрылады

Ол журналистерге атқарған жұмыстары, аймақ өмірі жайында объективті және жедел ақпарат таратқандары үшін алғысын білдіріп, қызметте табыстар тіледі.

«Журналистика - бұл мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы байланыс, тұрғындарды ақпараттандыру ғана емес, бұл аймақтың рухани, адамгершілік және әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін күш», - деп атап өтті Е.Арын. Ол тәжірибеге көкейкесті мәселелерді талқылауды және қоғамдық бақылау институтын енгізуді ұсынды.

Аймақ басшысы ендігі жылы республикалық және аймақтық БАҚ-қа жұмыс істеуге мүмкіндік беретін медиа-холдинг жұмыс істейтінін хабарлады.

Кездесудің барлық қатысушыларына сыйлықтар табыс етілді.