Кембридж университеті Ахмет Байтұрсынұлының реформасына неге қызықты

«Ахмет Байтұрсынұлы лингвистикада төңкеріс жасаған екен. Сол реформасын бізге түсіндіретін адам жоқ», - деп ұсыныс айтты ол тараптан. Құдай қаласа, мен сол жерде дәріс беремін. Олар соны жазып алады. Ахаң мерейтойының дүбірін, оның тіл біліміндегі реформасы туралы мәліметтерді Еуропаға жеткізудің бір жолы сол болмақ», - дейді ғалым.
Кембридж университеті қазақ ғалымына Назарбаев университеті арқылы шыққан екен. Айгүл Ісмақова аталған университетте дәріс оқиды. Сондағы шетелдік әріптестері Ахметтің ғылымдағы төңкерісін Батыс та білуі керек деп ұйғарса керек. Англиядағы дәріс қыркүйек айына жоспарланған. Яғни, А.Байтұрсынұлының еңбектерін жинақтап, бірнеше рет баспаға ұсынған қазақ ғалымының Кембридждегі дәрісі алаш ардақтысының 150 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отыр деген сөз.
Айта кетейік, 5 қыркүйекте, Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келгеніне 150 жыл толады.
Айгүл Ісмақованың А.Байтұрсынұлы мұрасы мен қазақ тілінің қазіргі проблемасы туралы ойын алдағы күндері сайтымызға жарияланатын сұхбаттан оқи аласыздар.